2019 жылы пилоттық жоба деп қаралып, нақтылы кезеңде Үкіметтен қолдау тапқан «Ауыл аманаты» жобасы қазір ел дамуына едәуір серпіліс беруде. Елді мекендерде осы жоба аясында жеңілдетілген несиеге үмітті жандардың тізімі де арта түсуде.Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында тірлігін тіктеймін деген 187 азамат өз өтінімін білдіріпті.