Сингапурлық компания біздің өңірде фосфорлы тыңайтқыштар шығаратын зауыт салады. Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы аясында Жамбыл облысының әкімдігі мен “Indorama Corporation Pte” компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Форумға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Сингапур Президенті Халима Якоб және тағы 200-ге жуық делегат қатысты.