Бұл мереке өзгелерден ерекше. Себебі ұлыстың ұлы күнін тек қазақ халқы ғана емес, түркітілдес ағайындардың әрқайсысы өз салт-дәстүрлеріне сүйене отырып қарсы алады. Бүгін бесінші мөлтек ауданында облыстық М.Қашқари атындағы этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған шарада 700 адамға арналған палау дайындалып таратылды.