Қытымыр қыстың құрсауынан шыққан шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңейген кезең Әз - Наурыз. Қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, адамзат атаулының айрықша күтетін ұлық мейрамы десекте болады.

Түбі түркі ұлтына ортақ мерекеге арнап ұйымдастырылып жатқан, атаулы іс-шаралар легі киелі Әулиатада әуелете өтуде. Ұлы дала думанының дүбіріне білім өкілдері де үн қосты.