Жер мәселесіқашан да өзекті. Күні кеше мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында жайылым жерлердің маңыздылығын атап, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын сынға алған болатын. Тіпті шұрайлы жерлер қалталы азаматтардың меншігіне өтіп кетіп, оны қайтаруға әкімдердің пәрмені жетпей тұрғанын президент ашып айтқан.

Былтырдан бастап, жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. Тіпті, бұл мәселеге «Аманат» партиясы да араласып, "Жер аманаты" деген жобаны жүзеге асырды.