Байзақ ауданында мал басы жылдан жылға көбейіп келеді. Былтырдың өзінде ірі қараның саны үш мыңға өскен. Ал уақ мал 40 мыңға артқан. Алайда, осы төрт түлікті бағатын өріс тапшы. Жылдар бойы айтылып келе жатқан мәселе әзірге түбегейлі шешіле қойған жоқ. Билік басындағылардың сөзі «тиісті жұмыстар атқарылып жатыр» дегенге саяды.


Ауданның агросаласына тән проблемадан бөлек, жастар мәселесі де өзекті. Жұмыссыздықты азайту, кедейшілік шегін төмендету бойынша көрсеткіштер орындалмаған. Мұның барлығы аудан әкімінің өткен жылды қорытындылаған есепті жиынында белгілі болды.