Дертіне дауа іздеген жамбылдықтар өзге өңірлерге барып ем алуға мәжбүр. Былтыр он мыңға тарта жерлесіміз ірі мегаполистердің медицинасына жүгінген. Өзімізде емдеуге болатын сырқаттардың сыртқа кетуіне не себеп? Біздегі дәрігерлердің дәрменсіздігі ме, әлде басқаша салдары бар ма?


Денсаулық сақтау саласындағы осы сынды түйткілдер жыл қорытындыланған алқа мәжілісінде айтылды. Басқарма басшысы былтыр атқарылған жұмыстармен таныстырып, биылғы межелі міндеттерді атады.