Облыс әкімінің тапсырмасымен аймақта қызылша өндіруді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осыған орай, Меркі ауданында қант қызылшасы өндірісін дамыту мақсатында тәтті түбір өсірумен айналысатын шаруалармен семинар-кеңес өтті.


Жиында шаруалармен бірге қызылша өсіруді дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу, бұл ретте мәселелердің алдын-алу шаралары талқыланып, мемлекет тарапынан шаруаларға көрсетілетін қолдаулар жайында түсіндірілді.