Тараздағы колледждердің бірінде «бомба» қойылды. Осылай деп "102" жедел нөміріне Жамбыл политехникалық колледжінің Telegram-дағы ресми парақшасына анонимді хат жазылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Онда Төле би даңғылы мен Домалақ ана көшесінде орналасқан колледж ғимараттарында бір сағаттан кейін жарылатын құрылғылар қойылғаны жазылыпты. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше оқу ғимаратын тексеру кезінде жарылыс заттары табылған жоқ.