Қыркүйек айының үшінші сенбісі дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні. Бұл әлемнің 50-ден аса елінде және Қазақстанда да атап өтіледі. Осыған орай, облыстық қан орталығында «Лейкозы бар балалардың өмірін сақтаңыз» атты акция өтті. Сауапты іске қала тұрғындары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.