Облыстағы 5 бірдей аудан жарықсыз қалуы мүмкін. Өйткені осы жарыққа жауапты жұмысшылар жалақымызды өсірмесе жаппай жұмысты тоқтататындарын айтып наразылыққа шықты. Аз айлық алатын олар басшылық бізді демалыс күндері де жұмысқа шығуға мәжбүрлеп, құқықтарымызды таптап жатыр дейді.