Ауладағы көшпелі қабылдау
Полиция қызметкерлері Жамбыл облысында «Заң және Тәртіп» мемлекеттік идеологиясын іске асыру аясында тұрғындармен көшпелі профилактикалық кездесу өткізді. Бұл дегеніміз, алдын ала жазылусыз әрі кезексіз: полицейлер тұрғындармен аулаларда кездесті. Іс-шараның басты мақсаты – құқық қорғау органдарының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін жедел қарау және құқықтық сауаттылықты арттыру.