Негізгі Жаңалықтар Президент үш ірі автожол құрылысын бастап берді

Президент үш ірі автожол құрылысын бастап берді

Бүгін Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысы басталды. Бір ғана "Бейнеу -Сексеуіл" бағытының өзі Қытайдан Еуропаға дейінгі жүк тасымалдау ұзақтығын 1000 шақырымға дейін қысқартады. Батыс пен Шығыс арасында құрлықпен тасымалданатын жүктің басым бөлігі Қазақстан арқылы өтетінін ескерсек, озық және заманауи көлік жүйесін қалыптастыру – алдымызда тұрған стратегиялық міндет. Осылай деген Мемлекет басшысы телекөпір арқылы сөз сөйлеп, автожол құрылысын бастап берді. Әрі құрылыс жұмыстарын сапалы және уақтылы аяқтауды тапсырды.


Бөлісу