Сайлауға дайындық талқыланды
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Онда, сайлау учаскелерінің қолжетімділігіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, оларды жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар мен талаптар талқыланды. Сондай-ақ, мониторинг барысында анықталған кемшіліктер мен берілген ұсыныстар бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.