Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесіне сүйене отырып, Жамбыл облысында азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған агроөнеркәсіп саласын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның басты мақсаты — жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырып, сол арқылы импортқа тәуелділікті азайту. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері осы бағытта қарқынды жұмыс бастаған өңірдегі бірқатар шаруашылықтармен танысты.