Қалыптасқан дәстүрге сай, сарбаздар ата-аналарымен кездесті. Қорғаныс министрінің бастамасымен еліміздің Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдерінде бір мезгілде ашық есік күні өтті. Мақсат – жауынгерлердің армиядағы өмірімен жақындарын таныстыру. Жүздеген ата-ана «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты бөлімшелерге келіп, ұлдарының сенімді қолда екеніне көз жеткізді.