Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов спорт саласының өкілдерімен кездесті. Жиын барысында ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер кеңінен түсіндіріліп, реформалардың ел болашағы үшін маңызы талқыланды. Кездесуге облыстағы спорт мектептері мен ардагер спортшылар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.