Қазақстан Пәкістанмен бірқатар бағытта әріптестікті күшейтпек. Әсіресе ғылым-білім саласында. Президент сапары аясында Исламабадтың ең ірі үш жоғары оқу орнында қазақтың біртуар тұлғалары Әл-Фараби, Қаныш Сәтбаев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы ғылыми-мәдени орталықтар ашылды. Ал келесі жылы ислам республикасында Қазақстан университетінің филиалы ашылмақ.