Конституцияға енгізілетін өзгерістерге аймақтағы аға буын өкілдері де бей-жай қарамайды. Жұртшылықтың мұң-мұқтажын жақсы білетін зиялы қауым облыс әкімі Ербол Қарашөкеевпен бірге алдағы реформаны талқылады.

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия жаңа Ата Заң жобасын жариялады. Басты Заңның жобасы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардан, сарапшылар тарапынан түскен ұсыныстарды терең талдап, қоғамдық ашық талқылаулардың, жаңа нормалар мен ережелерді мұқият пысықтау негізінде жасақталды. Конституцияның преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары тұңғыр рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланған. Ынтымақтастық пен ел бірлігі, ұлтаралық, дінаралық келісім Тәуелсіз Қазақстанның мемлекетінің негізгі іргетасы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, әділеттілік, Заң мен тәртіп, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау секілді қағидаттар да алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілді. Кездесуде аға буын өкілдері тарапынан пайымды пкірілер, орамды ойлар ортаға салынды.