«Адал азамат» — бұл жай ұғым емес, қоғамға шынайы әрі адал қызмет ететін азаматтың бейнесі. Азаматтық қорғау органдары жүйесінің қызметкерлері күнделікті жұмысында осы қағиданы басшылыққа алады. Олар жоғары жауапкершілікпен еңбек етеді, себебі әрбір қабылданған шешім мен жасалған әрекет адам өміріне тікелей әсер етуі мүмкін. Көп жағдайда олардың еңбегі көпшілікке көріне бермейді.