Әр азаматтың пікірі мен таңдауы маңызды. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Таразэнергоорталығы» мекемесінің ұжымымен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерді кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында ұсынылып отырған реформалардың ел болашағы үшін маңызы жан-жақты айтылды.