5-ақпан дүниежүзілік сайлау күніне орай Таразда жергілікті қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті. Оған 40-қа жуық азамат қатысып, сайлау тарихындағы маңызды күндер мен реформаларды тілге тиек етті.

Жиында Дүниежүзілік сайлау күнінің маңызы мен мақсаты, Қазақстанның сайлау жүйесінің даму тарихы айтылды.Сондай-ақ, елімізде соңғы жылдары жүргізілген электоралдық реформалар, сайлау процессінің ашықтығы мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Қазақстанда сайлау жүйесін жетілдіру бағытында бірқатар маңызды реформалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, ауыл әкімдерін тікелей халықтың сайлауы енгізілді, Президенттің өкілеттілік мерзімі 7 жыл болып белгіленіп, бір ғана мерзімге сайлау нормасы бекітілді. Ал, Парламент пен мәслихат депутаттарын сайлау аралас жүйеге көшірілді.