Конституцияға енгізілетін жаңа заң жобаларын меркілік зиялы қауым өкілдері де қолдады. Бүгін обылс әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, жаңа жобада қарастырылған заңдар мен өзгерістерді баяндады. Өз кезегінде аудан ақсақалдары да бұл бастаманы қолдап, барлығын бір ауыздан ат салысуға шақырды.
Мерейлі Меркі жеріне арнайы барған аймақ басышсы, алдымен зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиын барысында Ербол Қарашөкеев Конституцияға енгізілетін өзгерістер жайын талқылып, жаңа заңдардың ел дамуына тың серпін беретінін баса айтты.