Облыс әкімі Меркі ауданына жұмыс сапары аясында бірқатар күрделі жөндеуден өткен ғимараттарды да аралады. Содан соң ауданның белсенді жастарымен кездесіп, ҚР Конституциясының жаңа жобасын жан-жақты талқылады.

Облыс әкімі алдымен аудандандық полиция бөлімінің күрделі жөндеуден өткен ғимаратына барды. Содан соң архив ғимаратының жұмысын көрді. Бұдан кейін ауданның белсенді жастармен кездесіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістер жөнінде баяндады. Басқосу барысында Ербол Шырақпайұлы Ата заңның жаңа редакциясындағы тұжырымдамалық жаңашылдықтар қазақстандық қоғамға тән негізгі құндылықтар мен қағидаттарды айқындауға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар аталған реформалардың жастардың болашағы үшін маңызы зор екенін айтты. Кездесуге қатысқан жастар бастаманы қолдап, бұл өзгерістер ел дамуына тың серпін беретінін жеткізді.