Былтыр Таразда 300 мыңға жуық адам сайлауға қатысқан. Бұл көрсеткіш қала тұрғындарының саяси белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді. Өткен жылы қала екі ауданға бөлінген еді. Соған сәйкес сайлау учаскелерінің саны да артты. Бұл туралы Тараз қалалық сайлау комиссиясының төрағасы мәлімдеді.