Тараздық оқушылар экологияға жаңаша көзқарас қалыптастыруға кірісті. Олар қоқыс жинаумен шектелмей, суды үнемдеп, полиэтиленді пакет пен пластик бөтелкеден бас тартатын экочелленджді бастамақ. Бұл - «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тың бастама. Алдағы уақытта өңірде жаңа форматтағы эко-лагерь ашылып, жасыл идея нақты іске айналуы мүмкін. Жастармен кезекті кездесуде айтылған ақпар.