«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Меркі ауданына қарасты Ойтал ауылдық округінде жастарға арналған «Буллинг деген не?» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Меркі ауданының «Жастар ресурстық орталығы» мамандары, Меркі аудандық полиция бөлімі және бірқатар жауапты мекемелер қатысты.