«Даланың дауысын жеткізген дара тұлға». Бүгін Таразда осындай атаумен жыр экспедициясы өтті. Іс-шара жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылды. Кеште 20-шы ғасырдың гомері атанған ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы насихатталды.