Талас ауданында жылқыны жайылымда атып алған күдікті қолға түсті. Ауыл тұрғыны өрістегі жылқыларын тексеру кезінде күдік тудырған автокөлікті байқап, полицияға хабар берген. Жедел шаралар нәтижесінде «Volkswagen Passat» көлігі Үшарал ауылы маңында тоқтатылды. Тексеру барысында көліктен бір жылқының бөлшектелген еті, мал сою құралдары мен аңшы мылтығы табылып, тәркіленді.