Ұлттық құрылтайда көтерілген ұсыныстың барлығы мұқият зерделенеді. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осылай деді.

Сыр өңіріндегі алқалы жиынға 100-ден аса құрылтай мүшесі қатысып жатыр. Түске дейінге сессияда әлеуметтік-мәдени даму, білім мен ғылым саласындағы маңызды мәселер талқыға түссе, сәлден соң азаматтық қоғам және экономикалық даму бағыттары бойынша отырыс басталады.