Ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Қазақстан – заманауи үлгідегі тәуелсіз мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шохан Уалиханов атындағы облыстық әмбебап ғлыми кітапханасының ұйымдастырумен жүзеге асқан шараға шекара қызмет сарбаздары, кітапхана қызметкерлері мен студент жастар қатысты. Аталған шара барысында қатысушылар, бүгінгі Сыр елінде өткен 5-ші Ұлттық құрылтайдың маңызды тұстарына тоқталды.