Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысы өтіп жатыр. Ұлтты ұйыстырған құрылтайда халықтың мұң-мұқтажы мен ұлттық мүдде ескеріледі. Бұған дейінгі өткен алқалы жиындар ел ішіндегі өзгерістерге ықпал етті. Жұртымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, игі істерге жұмылдырды.