Конституциялық реформаның негізгі бағыт-бағдары айқындалып, жоба әзірленді. Осылай деген Президент бастаманың талқыланып жатқанына жарты жыл болғанын айтты. Сондықтан Ұлттық құрылтай отырысында парламенттік реформа бойынша нақты пікір айтатынын жеткізді. Сонымен, Ата заңның қанша бабына өзгеріс енуі мүмкін, Сенатты таратып, бір палаталы Парламент құрудың тиімділігі неде?