Меркі ауданында дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған «Жұлдыздар жүздесуі» атты бенефис-кездесу өтті. Шараның негізгі мақсаты – жастардың білімге, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, үздік жетістіктерге жеткен оқушылардың еңбегін насихаттау. Тағылымды шара Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ұйымдастырылды.