Енді жасанды интеллект арқылы жасалған контент қатаң қадағаланады. Жиі айтылып жүрген ЖИ туралы заң толық күшіне енді. Бүгінде желідегі түрлі бейнежазба мен жарнамалардың жұртты шатастыратыны рас. Көпшілік шынайы контент пен жасанды сана жасаған өнімді ажырата алмай қалды. Ал, бұдан былай әлеуметтік желіде жарияланатын мәтіндер, суреттер немесе басқа да материалдар AI технологияларының көмегімен әзірленсе, міндетті түрде таңбалануы тиіс.