Президент жаңадан құрылатын бір палаталы Парламентті "Құрылтай" деп атауды ұсынды. Депутаттар саны 145 болады. Жаңа Салық кодексін қолдануға қатысты да барлық орынды ұсыныстарды мұқият зерделеп, қажет болған жағдайда оған түзетулер енгізу керек. Қызылорлдада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтай отырысында Президент осылай деді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беруді тапсырды. Еске салайық, бұған дейін қор қызметінде көптеген заңбұзушылықтар мен қаржы қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері анықталған еді. Келелі жиында Президент көмір генерациясын дамытуға ұлттық жоба мәртебесін беру қажет екенін де атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, елдегі электр энергиясын өндірудің қазіргі көлемі республиканы дамытуға арналған жоспарларды толық орындауға жеткіліксіз. Мәселен, бір ғана дата-орталықтың электр энергиясын тұтынуы металлургиялық комбинаттың деңгейімен шамалас. Семей, Көкшетау және Өскемен қалаларындағы жылу электр орталықтарына қатысты Президент жобалардың созылып кеткенін айтып, Үкіметке бұл мәселені 20 наурызға дейін шешуді тапсырды.