Биыл су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін. Салдарынан оңтүстіктегі шаруалар судан таршылық көруі мүмкін. Ал сала министрлігі тіршілік нәрін заңсыз пайдаланатындармен күресті күшейтіп, тапшылық мәселесін шешуді бастады. Бүгін министр Үкімет отырысында бір жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылап, алдағы жоспарымен де бөлісті.