Жамбыл облысындағы 42 елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан. Жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде олардың 34-інде су басу қаупі толық жойылды. Әйтсе де, жағаны жайлауға жіберіп, жайбарақат отыруға тағы болмайды. Дайындық жұмыстарын әлі де күшейту маңызды. Аймақ басшысы жауаптыларға кез-келген жағдайға сақадай сай болуды тапсырды.