Аса ауылында көпшіліктің сұранысына ие тағы бір нысан ашылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында массаж орталығын ашқан ауыл тұрғыны 2,5 пайыз несие алып, өз кәсібін бастап кетті. Емдеу орталығына қазірдің өзінде келушілер көп. Мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруасына қажетті құрал-жабдықтарға қол жеткізген Сафура келешекте орталықты кеңейтсем деп отыр.