Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында Қазақстанның цифрлық державаға айналуы керектігін айтты. Бұл – қазіргі жаңа технология дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы. Сондықтан, Қазақстан да экономика мен қоғамдық өмірге жасанды интеллектіні енгізуге басымдық беріп жатыр. Президент атап өткен жаңа бастамаларды Жамбылдық мұғалімдер де құп көруде.