Елде көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Үкімет деңгейінде қойылған тапсырмаға сәйкес, республика бойынша 125 теміржол вокзалы кезең-кезеңімен қайта жаңартылуда. Бұл жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және өңірлер арасындағы байланыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Жамбыл облысында аталған бағдарлама аясында 5 станцияда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі Тараз теміржол вокзалы.