Көлік ескі болса, салық та арзан. Қаңтардың 1-нен бастап салық кодексінде көлік салығына қатысты жаңа өзгерістер енгізілді. Алдымен ескі көлік мінетіндерге жақсы жаңалық. Егер жеңіл автокөлігіңізді қолданғаныңызға 10 жылдан асса, енді салық бұрынғыдай толық көлемде есептелмейді.
10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктерге – 0,7, ал 20 жылдан асқан көліктерге – 0,5 коэффициент қолданылады. Яғни, көлігіңіз неғұрлым ескі болса, салығы да соғұрлым азаяды. Десе де, көлік салығы жылдың қорытындысымен төленетіндіктен, биылғы жылға есептелген бұл жеңілдік 2027 жылы төленеді.