Таразда «Қоғам сақшысы» жобасы қарқын алды. Тәртіп сақшылары мен облыстық жастар ресурстық орталығы бірлесіп, түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. Құзырлы мекеме өкілдері беймезгіл жүретін жастарға тосқауыл болу мақсатында түрлі ойын-сауық орындарын аралады.