Кез келген елдің әскери айбыны шекарасынан-ақ сезіліп тұруы керек. Шекарадағы қырағылық –мемлекеттік тұтастықтың, ұлттық қауіпсіздіктің қамы. Сондықтан шекара шебінің берік болуы – аса маңызды әрі жауапты міндет. Ал бұл міндетті абыроймен, сақтықпен, асқан жауапкершілікпен атқару – Қордайлық шекарашыларға артылған үлкен парыз.