Әулиеата өңірінде толық қуатыменен жұмыс істеп халықты отандық өніммен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындар жетерлік. Соның бірі Меркі қант зауыты. Қызылшаны толық қабылдап, жұмысқа кіріскен олар бүгінде 3 мың тоннадан астам өнім де шығарып үлгерді.