5-қаңтар еліміздің тұңғыш Әнұранының авторларының бірі, абайтанушы ғалым, драматург Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толған болатын. Ғалымның өмір жолы, еңбектері мен ел үшін жасаған қызметін насихаттау мақсатында облыстық кітапханада бүгін ерекше әдеби подиум өтті.