Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген кезінде Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа батыр Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынған болатын. Бүгін осы бастама республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберілді. Бұл туралы сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында айтылды. Бұдан бөлек, 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.