2026 жылы Жамбыл облысында 1795 отбасы үйлі болады. Олардың 350-і осал топтағылар. 31 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау да жоспарда бар. Бұл туралы бүгін аппараттық кеңесте мәлім болды. Жалпы, халықты баспанамен қамту – мемлекеттің басым бағыттарының бірі екенін айтқан аймақ басшысы, осы уақытқа дейін құрылысы сағызша созылған тұрғын үйлерді алғашқы жарты жылдықта аяқтауды тапсырды.