Мектеп қабырғасында жүріп-ақ әскери бағыттағы алғашқы куәлікті алуға болады. Ол үшін жақсы оқу, әскери-спорттық дайындықты дамытып, заң мен тәртіпті қастерлеу қажет. Жамбыл ауданындағы Юрий Гагарин атындағы мектеп-гимназияда «Жас сақшы» сыныбы ашылып, жасөспірімдерге арнайы куәліктер табысталды.