Облыста үй кезегінде тұрған жандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрақты түрде жалғасын табуда. Жамбыл ауданында өткен жылдың өзінде аудан әкімдігінің тапсырмасы бойынша жекеменшік құрылыс компаниялары салған 40 үй салынып алынып, ол әлеуметтік жағдай осал топтарға берілген.

Сонымен қатар Аса ауылында мемлекеттік «Тұрғын үй» бағдарламасы бойынша 120 пәтерлік 5 қабатты үйдің де құрылысы толық аяқталып отыр.